21.05.2007, 14:10 3126

Үкімет мамырдың аяғына дейін мемлекеттік қызметтердің реестрін бекітеді - Мәсімов

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет мамырдың аяғына дейін мемлекеттік қызметтердің реестрін бекітеді. Бұл туралы бүгін әкімшілік реформаларға арналған парламенттік тыңдауда республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет мамырдың аяғына дейін орталық және жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің реестрі мен оларды көрсету стандарттарын жасау мен қолданысқа енгізу жоспарын бекітеді",- деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, қазір "мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапалық көрсеткіштерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, олардың нормативтік және мақсаттық маңыздары айқындалуда".

"Бұдан кейін халықтың мемлекеттік қызметтердердің түріне қатысты хабардарлық жүйесі құрылады",- деді К.Мәсімов. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің қазіргі басты кемшілігі сонда, ол "көп жағдайда тұтынушының емес, қызмет көрсетушінің, басқаша айтқанда, шенеуніктің мүддесіне қарай көбірек бейімделген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны