13.06.2006, 18:29 2858

Үкімет мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сатуға үш жыл мерзіммен тыйым салды

АСТАНА. 13-маусым. Kazakhstan Today. Республика үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сатуға үш жыл мерзіммен тыйым салды. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сату тәртіптеріне үкімет осы жөнінде тиісті өзгертулер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жылжымайтын мүлік нарығында алыпсатарлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартында үйді азаматтың үш жылдың ішінде сату құқығына ие бола алмайтыны туралы шарт енгізілуге тиіс”,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге үйлерді сату тәртіптеріне толықтыру енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерден баспана алудан үміттене алатын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің тізімі бекітілді. “Бұлар - дәрігерлер, ұстаздар, ғалымдар, спортшылар, кітапханашылар тәрізді әлеуметтік сала қызметкерлері. Қызметкерлерінің тең жартысынан астамы мүгедектер болып табылатын кәсіпорындардың қызметкерлері де осы тізімге кіреді”,- делінген хабарламада.

Қаулының мәтіні ресми баспасөзде жарық көреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны