01.09.2006, 16:09 2796

Үкімет мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға баса назар аударуға тиіс - вице-премьер

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Үкімет мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға баса назар аударуға тиіс, деп мәлімдеді бүгін өткен үкіметтің отырысында вице-премьер Кәрім Мәсімов.

К.Мәсімов 2006-жылдың аяғына дейін барлық нормативтік-құқықтық актілерді бекітуді тапсырды. Олар 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап бірқатар әкімшілік реформаларды іске асыруға мүмкіндік беруге тиіс. "Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуға, мемлекеттік мекемелердегі басқару деңгейін көтеруге, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын үш деңгейлі төлеу жүйесін енгізуге жол ашуға тиіс".

Сонымен бірге үкімет басшысы орынбасарының тапсырмасымен "2006-жылдың аяғына дейін барлық мемлекеттік мекемелерге ISO сапа стандарттарын енгізу жоспары жасалып, шағын бизнес ісі жөніндегі омбудсмен институты құрылады".

Вице-премьер сонымен бірге үкімет басшысының кеңсесін қайта құруды және 2006-жылдың аяғына дейін түрлі төрешілдік процедураларды жоюға бағытталған ұсыныстарды дайындауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны