09.02.2007, 16:27 3098

Үкімет мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейлі банктерге салымдарын қатаң бақыламақшы

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейлі банктерге салымдарын қатаң бақыламақшы. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сауалына жауап беру барысында атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік ұйымдардың салымдарына келсек, бұл ретте біз қателіктерді түзету бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, түрлі кәсіпорындардың түрлі банктерде ақшасын ұстау жайына талдау жасайтын болаиыз. Өйткені, бұл жерде жауапкершілік пен тәуекелді белгілі бір жетекші өзіне жүктеп алуға тиіс",- деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің "Валют-Транзит Банк" АҚ-ның лицензиясын қайтарып алу туралы шешімін қолдайтынын білдірді. ""Валют-Транзит Банкіне" қатысты ахуалға келсек, біз бұл жерде жеке тұлғалардың зардап шекпеуі үшін олардың мәселелерін бірінші кезекте шешуге тиіспіз",- деді үкімет басшысы.

"Қазақстанның банк құрылымына енетіндерден ешкім де зардап шекпеуі үшін агенттік пруденциалдық нормативтерді орындауға қатысты қатаң ұстанымда болуын талап етеміз деп маған банкиерлердің өздері айтқан",- деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны