01.03.2007, 13:32 3308

Үкімет мүлікті заңдастыру шарасын 1-тамызға дейін ұзартуға ұсыныс жасады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкіметі парламентке мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзартуды қарастыратын заң жобасын енгізді. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің төрағасы Сергей Жалыбин мәлімдеді.

"Бізге кеше ғана мүлікті заңдастыру мерзімін 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзартуды ұсынған "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық мәселелері жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті",- деді С. Жалыбин.

Естеріңізге сала кетейік, "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң 2006 жылдың шілде айына дейін болған. Алғашқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылады, деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны