10.06.2014, 21:04 2755

Үкімет Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасын мақұлдады - Б. Жәмішев

"Өңірлерді дамыту бағдарламасының құрамына: "Қолжетімді баспана - 2020", ТКШ жаңғырту бағдарламасы, "Ақ бұлақ" бағдарламасы, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасы қамтылады", - деді Б. Жәмішев.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің қаулысымен өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы қабылданғанын айтты.

"Өңірлерді дамыту бағдарламасының құрамына: "Қолжетімді баспана - 2020", ТКШ жаңғырту бағдарламасы, "Ақ бұлақ" бағдарламасы, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасы қамтылады", - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарламада шағын және қала маңындағы қалаларды дамыту шаралары енген.

"Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы 5 бағдарламаны құрамына енгізіп, күшейе түседі. Яғни атқаратын қызметтер саны ауқымдылана түседі", - деді министр.

Сондай-ақ, ол бұл бағдарламалар бизнесті қолдауға бағытталып, "Бизнестің жол картасы-2020" аясына енгендігін айтты.

"Бірыңғай бағдарламаны дайындау экономикалық біріктіру ғана емес, халықтың қажеттілігіне жауап беретін жағдайларды барлығын қарастыратын жоба", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны