30.12.2008, 17:32 2870

Үкімет Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін жаңа редакцияда бекітті

Үкімет Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін жаңа редакцияда бекітті

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Үкімет Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының үкіметі 2008 жылғы 11 желтоқсанда №1168 қаулымен

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулыны бекітті.

Қаулыда атап көрсетілгеніндей:

"Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына көрсетілген қаулымен бекітілген Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1168 қаулысына қосымшаға сәйкес, жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатқызылды:

1. "Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы - Қап шағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану ККМ

2. "Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) -Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану ККМ

3. "Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) -Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз -Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде

жүзеге асырылатын объектілер:

4. Ералиев - Құрық теміржол учаскесі ККМ

5. Қорғас - Жетіген теміржол учаскесі ККМ

6. Мақат - Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру ККМ

7. Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы ЭМРМ

8. Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы Маңғыстау облысының әкімдігі

9. "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану ККМ

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны