27.05.2014, 22:58 3328

Үкімет орта мерзімді техникалық реттеу бағдарламасын қабылдады -ИЖТМ

Үкіметте бүгін орта мерзімді техникалық реттеу бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев мәлім етті.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Үкіметте бүгін орта мерзімді техникалық реттеу бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев мәлім етті.

"Бүгін үкімет отырысында орта мерзімді техникалық реттеу саласының бағдарламасы қабылданды. Оның негізінде басты үш принцип жатыр: біріншіден, техникалық реттеу жұмыстары алдын-ала ұйымдастырылады. Өйткені жобаларға инфрақұрылымды дайындау керек. Жаңа талаптарға сай стандарттар әзірлеу керек. Екіншіден, біздің тауарлар Кеден Одағы, дүниежүзілік сауда ұйымы аясында халықаралық талаптарға сай болуы керек. Сондай-ақ, бизнеске жеңілдік шаралары қарастырылған. Артық техникалық реттеу ережелерінің күші жойылады", - деді Біржан Қанешев.

Оның айтуынша, сынақ лабораториясын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау сұрақтарын қарастыру керек.

"Біз Қазақстан аймағында және болашақ КО аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігінің сапасына қарауымыз қажет", - деді ол.

Жалпы, Б. Қанешевтің айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін стандарттау саласында халықаралық ұйымдармен келісімге отыру қажет. Сондай-ақ, техникалық сарапшылар үшін халықаралық техникалық комитетінде өз қызметін белсенділету қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны