24.12.2012, 10:46 2954

Үкімет отырыс барысында судың тарифін құрудың жаңа тетігін қарастырады

Үкімет басшысы Серік Ахметов бүгін "Астана-Щучинчк" автомагистраль учаскесіне барып, жолмен жүруге төлем алу жүйесінің енгізілуімен танысады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет отырыс барысында судың тарифін құрудың жаңа тетігін қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы Серік Ахметов бүгін "Астана-Щучинчк" автомагистраль учаскесіне барып, жолмен жүруге төлем алу жүйесінің енгізілуімен танысады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, сейсенбі, 25 желтоқсан күні С.Ахметовтың төрағалық етуімен үкімет отырысы өтеді. Онда суға тариф құрудың жаңа тетігі қарастырылады. 26 желтоқсан күні С.Ахметов ұялы байланысты дамыту және EXPO-2017 халықаралық арнайы көрмесіне дайындық мәселелері бойынша екі кеңес өткізеді.

Сонымен қатар, апта ішінде үкіметте "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша кеңес өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны