05.12.2013, 22:49 14521

Үкімет отырысында 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрама командасының дайындығы мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрама командасының дайындығы мәселесі талқыланды.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрама командасының дайындығы мәселесі талқыланды.

Сочидегі Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы барысы туралы Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев баяндады.

Агенттік басшысының айтуынша, әлемнің 80 елінен 5 мыңнан астам спортшы мен ресми өкілдер қатысып, 15 спорт түрінен 98 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын Сочидегі Олимпиада ойындарына дайындық үшін Республикалық жедел штаб құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны