24.11.2012, 17:30 2955

Үкімет отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасының жобасы талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасының жобасы талқыланды.

Астана. 24-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Ахметов кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға бірқатар тапсырма берді.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасының жобасы талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген бұл Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға және оларды әрі қарай дамытуға жағдай жасауға бағытталған. Бағдарлама агроқұрылым басшыларының, депутаттық корпустың, салалық және бизнес-қауымдастар мен сарапшылардың талқысына салынды.

Бағдарлама төрт бағытта, атап айтқанда: қаржылық оңалту, АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту және АӨК-ді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бағыттарында іске асырылады.

Бағдарлама аясында мемлекетке несие жүгін жеңілдетуге мүмкіндік беретін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің банкрот болуына жол бермейтін тетіктер әзірленіп отыр. Атап айтқанда, қаржылық оңалту тетігі олардың берешектерін өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру арқылы жүргізілетін болады.

Бағдарлама аясында сондай-ақ, АӨК субъектілерін қолдаудың инвестициялық субсидиялау, қамсыздандыру және АӨК субъектілерінің қаржы институттарының алдындағы займдарын кепілдендіру, екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру сияқты жолдары қарастырылуда. Бағдарлама аясында сонымен бірге, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістер де субсидияланады.

Кеңес барысында Бағдарламаның негізгі бағыттары егжей-тегжей талқыланды. Бағдарламаны келесі айда Үкімет отырысында қабылдау жоспарлануда.

Бүгінгі талқылауға ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, қаржы министрі Болат Жәмішев, басқа да орталық атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Серік Ахметов кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны