27.06.2018, 15:37 5610

Үкімет отырысында Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеудіӊ жаӊа тәсілдері аталды

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы" баяндамасында хабарлады.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Үкімет отырысында Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеудіӊ жаӊа тәсілдері аталды.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы" баяндамасында хабарлады.

Елжан Біртановтыӊ айтуынша, соӊғы 10 жылда Қазақстанда қатерлі ісік аурулардыӊ өсу үрдісініӊ 9,5 %-ға ұлғайғаны, өлім-жітім көрсеткіші 28,5 % - ға төмендегені байқалған.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2018 жылғы 10 қаӊтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" Жолдауыныӊ шеӊберінде "Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарыныӊ" жобасы әзірленді.

"Кешенді жоспардыӊ мақсаты қатерлі ісіктердіӊ ауыртпалығын төмендету болып табылады. Бұл аталған жоспардыӊ негізгі мақсаттары: профилактиканы дамыту және қауіп факторларын басқару; онкологиялық аурулардыӊ жоғары тиімді ерте диагностикасы; онкологиялық көмек көрсетудіӊ интеграцияланған моделін енгізу; онкологиялық көмекті цифрландыруды, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту",- деді министр.

Кешенді жоспарлауда Астана қаласында онкологиялық көмек көрсетудіӊ үйлестіруші рөлін іске асыратын Ұлттық онкологиялық орталықты құру көзделген.

"ТМККК қызметтерін кеӊейтуге бағытталатын Кешенді жоспарды іске асыруға 35,1 млрд. теӊге бөлінді, оныӊ ішінде: халықтыӊ нысаналы топтарын скринингтермен қамтуды ұлғайту арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға; диагностика және ісікке қарсы емді бақылау үшін ПЭТ зерттеулері қызметтерін ұлғайтуға; онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттердіӊ диагностикалық қызметтерге (КТ, МРТ) қолжетімділігін ұлғайтуға; қатерлі ісіктерге молекулярлық-генетикалық тестілеуді енгізуге; телепатология арқылы диагностиканыӊ күрделі жағдайларына халықаралық консультациялар жүргізуге бағытталады",-деді Елжан Біртанов.

Бұдан өзге, министр онкологиялық ұйымдар үшін орталық цитостатикатты орталықтан сұйылтуға арналған жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отырғанын атап өтті, бұл антисептикалық дәрілерді тиімді, қауіпсіз және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қазіргі таӊда министрлік медицина саласында IBM Watson for Oncology жасанды зердені енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған платформа онкологтарға дәлелденген медицинаныӊ негізінде жеке емдеу әдісін ұсынады және онкологиялық сараптауға, шетелдік медициналық әдебиеттерге қол жеткізеді.

Министрдіӊ айтуынша, Кешенді жоспарды іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылатын болады. Осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестіктіӊ механизмдерін пайдалана отырып, 149 бірлік жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Министрлік онкологиялық қызметтіӊ инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарды қарастыруға және ынтымақтастық қарым- қатынасқа дайын. Осыған байланысты, біздер жергілікті атқарушы органдарды жеке сектормен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға шақырамыз,-деді Елжан Біртанов.

Министр сөзініӊ соӊында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде ЭЫДҰ жетекші елдерініӊ онкологиялық ауруларды ерте анықтаудыӊ негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілгенін жеткізді. "Бірінші кезекте, жатыр мойны обырыныӊ скринингі кезінде обыралды жай-күйді анықтауды 2022 жылға қарай 0,6%-ға дейін және колоректалдық обырды 23,0%-ға дейін ұлғайту; онкологиялық аурулардыӊ ерте сатыларын анықтауды 33,5%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Екіншіден, жатыр мойны обырыныӊ бастапқы деӊгейін 65%-ға дейін, сүт безі обырыныӊ бастапқы деӊгейін 45%-ға дейін, колоректалдық обырдыӊ бастапқы деӊгейін 25%-ға арттыру күтілуде. Үшіншіден, обырдыӊ асқынған нысандарын 7,2% дейін төмендету; онкологиялық науқастардыӊ 5 жылдық өміршеӊдігін 60%-ға дейін ұлғайту күтілуде" ,-деп өз баяндамасын қорытындылады Елжан Біртанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны