10.09.2007, 18:53 3304

Үкімет республикадағы орман және далалық өрттер санының өсуіне алаңдаушылық білдіруде

Үкімет республикадағы орман және далалық өрттер санының өсуіне алаңдаушылық білдіруде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Үкімет республикадағы орман және далалық өрттер санының өсуіне алаңдаушылық білдіруде , деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың 8 айында орман өрттерінің алаңы төрт есеге өсіп, 100 мың гектарға жетті",- деп мәлім етті бүгін үкіметтің селекторлық жиналысында вице-премьер Өмірзақ Шүкеев. Ол, сондай-ақ "орман өрттерінің 99 пайызы әкімшіліктердің қарамағындағы ормандарға тиесілі", екендігін айтып өтті. "Дала өрттерінің ахуалы да жақсы емес - үстіміздегі жылы 253 мың гектарға жетті",- деді вице-премьер.

Осыған байланысты өкілетті мемлекеттік органдарға орман өрттерінің алдын алу жөніндегі ұсыныстарын жолдау тапсырылды. "Барлық мүдделі мекемелер, соның ішінде әкімшіліктер де, бір аптаның ішінде облыс орталықтарындағы өрттің алдын алуға қатысты өздерінің ұсыныстар енгізуі керек",- деп мәлім етті Ө. Шүкеев.

Сонымен қатар, ол "осы жұмысқа жұмылдырылған барлық шенеуніктердің, комитет төрағаларынан бастап, облыс әкімдері менорман шаруашылығының басшыларына дейін лауазымдық нұсқауларын пысықтауды" тапсырды.

Ауыл шаруашылық министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығы комитетіне бір аптаның ішінде әкімдермен бірлесе отырып "қандай жне қанша техника кажет болатындығын дайындау" және де Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне "осы техникаларды бір жыл ішінде, екі немесе үш жыл ішінде сатып алу мүмкіндігін анықтау" тапсырылды.

Ө. Шүкеев Ішкі істер министрлігіне "соңғы ірі өрттер бойынша егжей-тегжейіне дейін анықтап, қабылданып жатқан шаралар туралы премьер-министрге баяндауды" тапсырды. "Қаншама өрттер болып жатыр - бірде - бір қылмыстық жаза қолданылған жоқ! Барлығы жауапкершліктен құтылып кетуде. Бұған тосқауыл қою керек", деп санайды вице-премьер.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов өз кезегінде орман және дала өрттерін сөндіру үшін "өз еркімен келетін адамдарды жинап, ерікті жасақ құрып, оларды сақтандыру мен еңбек төлемдеріне қатысты мәселені шешу керек" деген ұсыныс жасады.

Сонымен қатар, В. Хропуновтың пайымдауынша, "2008 жылы барлық облыс ғарыштық мониторинг жөнінде келісім жасаулары қажет". Ол бүгінгі күнге дейін орман өрттерінің алдын алу үшін ғарыштық мониторинг сараптамасы Қарағанды облысы мен Оралда жүргізіліп жатқандығын, және де бұл аталмыш аймақтардағы өрттердің санын азайтуға ммкіндік беріп отырғандығын, түсіндіріп өтті.

Министр, сондай-ақ, аймақтардағы өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндіру техникасын жақсарту қажет, деп санайды. В. Храпуновтың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта жалпы республика бойынша қосымша 123 өрт машинасы, 1052 трактор қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны