29.08.2012, 16:31 2963

Үкімет "Самұрық-Қазына" қорының 10 жылға арналған даму стратегиясын бекітті

"Стратегиямызда негізгі 3 мақсат бар. Оның біріншісі, біздің ұлттық компаниялардың құнын артыру, екіншісі, индустриалды-инновациялық дамуға "Самұрық-Қазынаның" және ұлттық компаниялардың қатысуы, ал соңғысы біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз", - деді қор басқарасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Үкімет "Самұрық-Қазына" қорының 10 жылға арналған даму стратегиясын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Үкімет отырсында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді.

"Стратегиямызда негізгі 3 мақсат бар. Оның біріншісі, біздің ұлттық компаниялардың құнын артыру, екіншісі, индустриалды-инновациялық дамуға "Самұрық-Қазынаның" және ұлттық компаниялардың қатысуы, ал соңғысы біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз", - деді қор басқарасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев.

Оның атап өтуінше, қор алдағы он жылдың ішінде осы үш маңызды мақсатты жүзеге асыруға барын салмақ. Ол үшін стратегияда түрлі тетіктер қарастырылған. Мәселен, қордың индустриалды-инновациялық бағдарламаға қатысуы аясында алдағы 5-10 жылдың ішінде 100-ден астам ірі жоба жүзеге асырылатын болады.

"Оларға салынатын инвестиция көлемі 40 млрд. доллардан асады. Оның ішінде энергетика, мұнай химиясы, газ химиясы, мұнай өндірісі бар. Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 25 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылатын болады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны