10.06.2008, 12:24 1360

Үкімет шағын бизнес субьектілерін қосылған қуаттылық үшін төлемнен босатуға шешім қабылдады (толық нұсқасы)

Үкімет шағын бизнес субьектілерін қосылған қуаттылық үшін төлемнен босатуға шешім қабылдады (толық нұсқасы)

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет шағын бизнес субьектілерін қосылған қуаттылық үшін төлемнен босатуға шешім қабылдады. Мұндай құжат бүгін өткен үкіметтің отырысында мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жексенбі күні бұл мәселені Алматыда шағын және орта бизнес өкілдерімен талқылап, бүгін оны үкіметтің отырысында талқылауға уәде бердік, сол себепті сөзіміз бен ісіміз алшақ шықпау үшін мен оны дауысқа саламын", - деді үкімет басшысы.

"Үкімет басшысының кеңсесі оны бүгін менің қол қоюыма әкелсін, құжат ертеңнен бастап күшіне енуі керек", -деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл қаулыға сәйкес, шағын бизнес іс жүзінде қосылған қуаттылық үшін төлемнен толық босатылса, орта бизнес 50 кВт дейінгі төлемнен босатылады", -деді үкімет басшысы.

Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтың түсіндіруінше, бұл жерде "Қосымша қуаттылықтарға қосылу" атты ережеге толықтырулар енгізу және 2004 жылдың 8 қазанындағы үкімет қаулысымен бекітілген энергетикалық нысандар мен қондырғыларды жаңалау және кеңейту шығындарын өтеп беру жайлы сөз болып отыр.

"Толықтыруларда шағын кәсіпкерлік субьектілерін қосып алған қуаттылығы үшін төлемақыдан босату қарастырылған. Орта кәсіпкерлік субьектілерінен де 50 кВт-қа дейін көлемдегі қосылған қуаттылық үшін төлемақы алынбайды", -деді ол.

"Қосылған қуаттылық көлемі аталған ережемен бекітілген көлемнен артқан жағдайда әрбір орта кәсіпкерлік өндірісі бойынша төлемақы артқан көлемге сай алынады", - деді агенттік төрағасы.

Сонымен бірге, бұл жобада қарастырылғанындай, Агенттік тарифтерді өзгерту туралы өтініштерді қараған кезде энергия жалғастырушы ұйымдардың тарифіндегі шағын және орта бизнес субьектілерін қосылған қуаттылық үшін төлемақыдан босатудан пайда болған шығындарды толтыратын инвестиция мөлшерін ескеретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны