25.10.2011, 13:49 4938

Үкімет сот төрағаларының өкілеттілік мерзімін үш жылға дейін қысқартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады

Мемлекет басшысының республика соттарының V съезінде берген тапсырмасын орындау аясында аудандық сот төрағаларының өкілеттілік мерзімін үш жылға дейін қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасын үкіметке таныстырған ҚР Жоғары сотының төрағасы Бектас Бекназаров мәлімдеді.

Астана. 25-қазан. Kazakhstan Today - Үкімет сот төрағаларының өкілеттілік мерзімін үш жылға дейін қысқартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысының республика соттарының V съезінде берген тапсырмасын орындау аясында аудандық сот төрағаларының өкілеттілік мерзімін үш жылға дейін қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасын үкіметке таныстырған ҚР Жоғары сотының төрағасы Бектас Бекназаров мәлімдеді.

Сонымен бірге, pm.kz порталының ақпаратына қарағанда, судьяға кандидаттарды ұсынуға арналған жоғары өлшемдерді мен стандарттарды белгілеу мақсатында ереже бекітіледі, соған сәйкес мамандандырылған магистратураны бітірген тұлға оқуды аяқтаған күннен бастап бес жылдың ішінде емтихан тапсырудан босатылады.

Конституциялық заңда аудандық, облыстық соттардың, Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын қысқартумен байланысты оның өкiлеттiлігін тоқтату жағдайында судьяның төрт орташа айлық еңбекақысы көлемінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеуге бағытталған норма қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны