30.12.2008, 17:38 2919

Үкімет темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламентін бекіту туралы қаулыны қабылдады

Үкімет темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламентін бекіту туралы қаулыны қабылдады

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламентін бекіту туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы қаулы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы заңын іске асыру мақсатында қабылданған.

Қаулыға қоса беріліп отырған "Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілді.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны