03.03.2011, 13:35 4049

Үкімет ТМД елдерінің лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекет туралы келісімшартын ратификациялады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде палата депутаттары ҚР "Қылмыстық кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- елдерінің келісімшартын ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде палата депутаттары ҚР "Қылмыстық кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- елдерінің келісімшартын ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, қылмыстық кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ТМД-ға қатысушылардың келісімшартына 2007 жылдың 5 қазанында Душанбеде қол қойылған болатын.

Тараптар келісімшартқа сәйкес, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнамаларды сақтай отырып ынтымақтастықта болады, өз қызметтерін үйлестіріп, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге де бірлестіктер мен ұйымдардың, сондай-ақ қылмыстық кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында азаматтарды біріктіруге күш салады.

ТМД елдерінің ынтымақтастығы, атап айтқанда, қылмыстық кірістер мен терроризмді қаржыландыруға арналған қаржыны іздестіруге, сондай кірістер және қаржымен жасалатын операциялар мен мәмілелерді болдырмауға, оларды жөнелту және басқадай іске араластырудың жолын кесуге құзіретті органдарға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілер қабылдай алатын бағыттар мен нысандарды қосады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны