13.12.2012, 14:52 5907

Үкімет үйінде мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевке, "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы Аркен Арыстановқа, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президенті Ерік Сұлтановқа "Парасат" орденін табыс етті.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша мемлекет үшін атқарған қызметі, белсенді қоғамдық қайраткерлігі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған түлғаларға мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевке, "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы Аркен Арыстановқа, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президенті Ерік Сұлтановқа "Парасат" орденін табыс етті.

"Құрмет" орденімен "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, Премьер-Министр Кеңсесі Жетекшісінің орынбасары Ғабит Матаев, Көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Ибсаттаров, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Илиакпар Мәтішев, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, мемлекеттік және қаржылық құрылымдардың жетекшілері марапатталды.

"Ерлігі үшін" медалімен ІІМ Икімшілік полиция Комитетінің төрағасы Игорь Лепеха марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медаліне Қаржы вице-министрлері Руслан Дәленов пен Берік Шолпанқұлов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту бөлімінің меңгерушісі Серік Қожаниязов, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері ие болды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" мәртебелі атағы "Парасат" Ұлттық-ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ басқармасының төрағасы Нұралы Бектұрғановқа берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министріҚаныш Төлеушин, Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Дариға Нәкенова, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны