29.10.2007, 15:28 3124

Үкімет үлес қаржысына құрылыс салатын барлық компанияларға көмек көрсетеді

Үкімет үлес қаржысына құрылыс салатын барлық компанияларға көмек көрсетеді.

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үлес қаржысына құрылыс салатын барлық компанияларға көмек көрсетеді, соның ішінде бірінші кезекте Астанадағы құрылыстарды салушыларға көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз бұл мәселені (тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау бойынша мемлекет көмек көрсететін құрылыс компанияларын іріктеу критерийлерін анықтау) мемлекетік комиссия отырысында таңертеңнен бері талқыладық",- деді Ғ. Оразбақов. Үлес қаржысына құрылыс салып жатқан барлық компанияларға көмек көрсетеміз, бірақ көмек бірінші кезекте Астанада құрылыс салып жатқан, жұмыстары нақты жүріп жатқан компанияларға беріледі. Бірақ бұл процестің өзі өте егжей-тегжейлі болуға тиіс, онымен "Қазына" тұрақты даму қорының аясында құрылған арнаулы құрылым айналысатын болады" деп қорытындылады индустрия және сауда министрі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2-қазанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "2007 жылғы республикалық бюджет туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойғандығын мәлім еткен болатын. Аталмыш заңда бюджеттен экономикалық тұрақтылықты, соның ішінде бұрын үлес қосушылардың қатысуымен басталған тұрғын үй құрылыстарын аяқтауды қолдау үшін қаржы бөлу қарастырылған.

Атап айтқанда, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың ақпаратына сүйенсек, бюджет кірісінің өсуі, сондай-ақ үкіметтің берешектерінің азаюы, сыртқы және ішкі несиелік капитал нарығындағы жағдайға сәйкес бюджет тапшылығы 41,5 млрд теңгеге қысқарып, "бюджеттің шығыс бөлігінен таратылатын жалпы қаржы көлемі 155,7 млрд теңгені құраған".

Оның айтуынша, аталмыш қаржы "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ (20,5 млрд теңге), "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" АҚ (1 млрд теңге), "Самғау" АҚ (12,2 млрд теңге), сондай-ақ "Қазына" ТДҚ" АҚ (122 млрд теңге) шығындарын өсіруге бағытталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны