23.05.2008, 11:34 1387

Үкімет "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады

Үкімет "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады. Бұл туралы "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді жұмыс істеуін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында үкімет қазір "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады", - деді Е. Мамытбеков. Оның түсіндіруінше, "заң жобасында Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды құру, жұмыс істеу, қайта құру және жою ерекшеліктері регламенттеліп, олардың мамандандырылған кеңес атты консультативтік-кеңес органы арқылы мемлекеттік органдармен ықпалдастық жасау тәртіптері айқындалған".

"Заң жобасының бір ерекше тұсы - мемлекеттік меншікті, жерді және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өткеріп беру тетігі болмақ", - деді вице-министр.

"Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның пайдасын бөлісу тетіктерін заңнамалық негізде реттеуді қамтамасыз ету және оны әріқарай әлеуметтік жобаларға инвестициялау үшін ИКК-дың қаржылық ресурстарын коммерциялық емес заңды тұлға түрінде корпоративтік әлеуметтік қор құру арқылы жинақтау тәсілі қарастырылуда", - деді Е. Мамытбеков.

Осы орайда оның атап көрсеткеніндей, "заң жобасы қор қаржысын тек қана мақсатты түрде пайдалануды регламенттейді".

Вице-министрдің мәліметінше, қазір заң жобасы мемлекеттік органдар, үкімет басшысының кеңсесі мен президент әкімшілігінің келісімін алуға жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны