22.08.2011, 16:16 3318

Үкімет үш жаңа арнайы АЭА құрмақ

Елімізде тағы 3 жаңа арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім еткен.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Үкімет үш жаңа арнайы АЭА құратын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елімізде тағы 3 жаңа арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім еткен.

"Бүгінде Үкіметте 3 жаңа арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылуда. Атап айтқанда олар "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы, Павлодар облысындағы "Мұнай-химия өнеркәсібі" арнайы экономикалық аймағы, сондай-ақ Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймақтары. Қазіргі кезде құжаттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр", - деп атап өтті вице-премьер.

Мұнымен қоса И. Исекешев арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі заң әзірленіп жатқандығына және құжат олардың жұмысының тиімділігі бойынша тиісті бағыттарды қамтитынын жеткізді. "Заң жобасы бар. Енді 1 қазанға дейін барлық нормативтік-құқықтық актілерді даярлау бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ жыл соңына дейін бұл тұрғыда жаңа қадамдар бойынша жұмыс істеу үшін қазіргі кезде бар 6 арнайы экономикалық аймақтарды қайта қосу бойынша жұмыстарды тәмамдауды жоспарлаудамыз", - деді ол.

Вице-премьердің пайымдауынша, бұл шаралар инвестиция тарту тұрғысындағы көрсеткіштердің артуын айтарлықтай өзгертпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны