25.05.2011, 15:49 3705

Үкімет валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі заң жобасын бекітті

Үкімет мүшелерінің назарына аталған құжатты ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіаяқов ұсынған.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Үкімет валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі заң жобасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, үкімет мүшелерінің назарына аталған құжатты ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіаяқов ұсынған.

Оның атап өтуінше, бұл заң жобасы тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру барысында экспорттаушылар мен импорттаушылардан талап етілетін құжаттар тізбесінен төлқұжаттық келісімді алып тастауды қамтамасыз етеді. Яғни сыртқы сауда қызметі кезінде әкімшілік кедергілер айтарлықтай төмендейтін болады.

Заң жобасы Кеден одағының кедендік шекаралары арқылы ақша қаржысын жеке тұлғалардың алын өту тәртібі туралы халықаралық келісімдердің нормаларына ұлттық заңнама нормаларын сәйкестендіруді болжамдайды.

"Заң жобасының қабылдануымен экспорттық және импорттық бақылау қызметінің тиімділігінің артуы, ҚР инвестициялық имиджінің жақсаруы, оның ішінде Дүниежүзілік банктік халықаралық сауда индикаторы бойынша "Doing Business" рейтингіндегі позицияның жақсаруы күтілуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны