30.09.2008, 14:14 3049

Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі - Кәрім Мәсімов

Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Депутаттармен ақылдаса келе үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келісті. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 0,5% деңгейінде қалдырмақпыз", -деді үкімет басшысы.

"Үкімет сонымен бірге депутаттардың ұсынысымен келісіп, Салық кодексінде инвестициялық салық преференцияларын экономиканың шикізаттан басқа барлық саласына қолдану туралы бөлім енгізуді ұйғарды", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны