20.12.2011, 16:31 3884

Үкімет Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсететін болады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың отбасына Үкіметтің атынан және өз атынан көңіл айтты.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың отбасына Үкіметтің атынан және өз атынан көңіл айтты.

"Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді", - деп атап өтті К.Мәсімов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен Жаңаөзен қаласының жағдайын қалпына келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада төтенше жағдай енгізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны