21.11.2012, 19:11 2905

Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болды

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

ҰҚК өкілінің айтуынша, Үкімет жанынан құрылатын комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының мақсаттылығын айқындап отырады.

"Комиссия құрамына мүдделі министрлік өкілдері, уәкілетті орган басшылары, шекара маңы облыс әкімдерінің бірінші орынбасарлары кіретін болады. Комиссияның жұмысшы органы ретінде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғаныс және тәртіп бөлімі айқындалады",-деді Т. Стамбеков.

Оның сөзіне қарағанда, комиссияның негізгі міндеті - Қазақстанға төнуі мүмкін қатерлерді айқындау, оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау. Бұдан бөлек комиссия шекара саласы бойынша Қазақстанның ұлттық мүдделерін айқындап, осы бағыттағы саясатты жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны