13.03.2009, 18:22 3241

Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы кеңестің 1-ші отырысы өтті

Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы кеңестің 1-ші отырысы өтті

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы кеңестің 1-ші отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультациялық - кеңес беру органының негізгі мақсаты -үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының тиімділігін нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстан экономикасына жаһандық қаржы дағдарысының кері әсерін азайтуға қатысты мемлекеттің, бизнес-қоғамдастығының, мүдделі қоғамдық және халықаралық ұйымдардың бірлескен ұстанымы мен іс-шараларын әзірлеу.

Отырыс барысында кедендік тариф саясаты (демпингке қарсы) саласында қолданылатын отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ, экономиканы тұрақтандыру шараларын іске асыруға қатысты мониторинг пен кері байланыс жүргізу туралы хабарламалар тыңдалып, талқыланды.

Отырыста сөз алған "Атамекен Одағы" ҚҰЭП төрағасы А.Перуашев "Үкіметтің бизнесті қолдауға қатысты жүргізіп отырған іс-шаралары нәтиже бере бастағанын" атап өтті.

"Банктер несие бере бастады, бұл қолдауға лайық. Несиелерді қайта қаржыландыру бойынша да көрсеткіш жаман емес",-деді А.Перуашев.

Отырыс соңында премьер-министр дағдарысқа қарсы кеңеске қатысушылар тиімді мемлекеттік сауда саясатын әзірлеу үшін күш біріктіруі қажет деген ой айтты.

"Бүгінгі міндеттерді шешумен қатар, біз келешектегі дамуымыздың негізін қалауымыз керек",-деді ол.

ҚР үкіметі жанындағы дағдарысқа қарсы кеңестің келесі отырысы 17 наурызда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны