04.09.2006, 13:06 3110

Үкімет жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесін бекітті

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен "Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесі" бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ереже Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Мұнай туралы" заңдарына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады.

Ереже 19 тармақтан тұрады, онда жер қойнауын пайдаланудың жалпы ережесі белгіленген, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу тәртібі айқындалған.

Ережеде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын арнайы уәкілетті органның келтірілген зиянның мөлшерін анықтау және оның орнын толтыруды талап ету құқықтары белгіленген. Олардың қатарына - мұнай-газ және газ конденсаты кен орындарын пайдалану, пайдалы құрамдауыштарды қайта өңдеу кезінде нормативтен тыс шығындары, жер қойнауына әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсу деңгейі кезінде қабылданған нормадан ауытқулар жатады. Бұдан басқа, кен орындарын уәкілетті органдардың рұқсатынсыз өнеркәсіптік игеру кезінде жағылатын газ зиянын есептеу мөлшері де анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны