27.01.2012, 13:28 3229

Үкіметке алдағы үш ай ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасау тапсырылды

"Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім", - деп атап өтті елбасы.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Үкіметке 3 айдың ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

"Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім", - деп атап өтті елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Үкімет аталмыш бағдарламаны жасау барысында басқа мемлекеттердің тәжірибесін кәдеге жаратып, жіті зерттеп және оны одан әрі жетілдіру бағытында еңбек етуі тиіс.

"Біз тек мемлекеттік қызметкерлердің кірісін ғана емес, шығыстарын да рәсімдеуге көшуіміз керек. Осы мәселеге байланысты арнайы заң шығару қажет және Үкіметке 3 айдың ішінде кешенді жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жасап шығуды тапсырамын", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны