25.12.2012, 14:50 3001

Үкіметте 2013-2015 жылдары суға тариф белгілеудің кешенді жоспары қабылданды

"Қазір сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестицияларды қаржыландыру көздері жеткіліксіз, сәйкесінше, активтердің тозу деңгейі жоғары, желілердегі су шығындары көп және сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасы төмен екені байқалады", - деді ҚР экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкіметте 2013-2015 жылдары суға тариф белгілеудің кешенді жоспары қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазір сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестицияларды қаржыландыру көздері жеткіліксіз, сәйкесінше, активтердің тозу деңгейі жоғары, желілердегі су шығындары көп және сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасы төмен екені байқалады", - деді ҚР экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Өз сөзінде ол кешенді жоспардың жобасына нақты тоқталып өтті.

"Бұл ретте, тарифтерді белгілеудің жаңа тектіктерін қолдана отырып шекті тарифтерді бекіту 2013 жылдан басталатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ, кешенді жоспарда Министрліктің ТМРА және ҚТКШІА-мен бірлесіп су арналары қызметтеріне тариф белгілеуінің жаңа жолдарын әзірлеуді жалғастыру және оның нәтижелерін 2013 жылғы мамырда Үкіметте жариялау көзделген", - деп қосты ол.

Оның айтуынша, кешенді жоспарды жүзеге асыру су арналарының шекті тарифтерге өтуіне жағдай жасайды, ал бұл өз кезегінде су арналарына тартылатын инвестицияларды ұлғайтып, желілерді жөндеу мен жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар су арналарының тарифтеріне негізгі құралдарды қайта бағалаудың нәтижесінде қалыптасқан амортизацияның толық көлемде енгізілуін қарастырады. Бұған қоса, су арналары тарифіндегі пайданы 30%-ға дейін арттыру, су арналарының әкімшілік және өндірістік персоналының еңбек төлемі қорын ұлғайтуға жол ашады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны