08.03.2018, 18:33 17443

Үкіметте 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаныӊ жобасы мақұлданды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаныӊ жобасы таныстырылды

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2013-2017 жылдарға арналған Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаныӊ орындалу барысы қаралды және 2018-2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасы мақұлданды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары генерал-майор Нұрғали Білісбеков 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаныӊ мақсаты - діни экстремизм көріністерін ескерту және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамныӊ, қоғамныӊ және мемлекеттіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

2013 жылдан бастап елімізде діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратудыӊ себептері мен жағдайларын жою және атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде 202 комиссия жұмыс істейді.

Мәлімделген ақпаратқа сәйкес, аталған бағытта жалпы саны 8,1 млн-нан астам адам қамтылған 96,6 мыӊнан астам шара өткізілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде 755 "жихадшы" қалыпты жолға көшірілді. Дайындық жұмыстарыныӊ бастапқы кезеӊінде 38 террористік сипаттағы зорлық-зомбылық экстремистік науқандарыныӊ іске асырылуына жол берілмеді. Шетелде күдікті діни білім беру мекемелерінен 384 студент елге қайтарылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаныӊ жобасы таныстырылды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов те аталған мәселеге қатысты сөз сөйледі. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарыныӊ талаптарына сәйкес ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаныӊ іске асырылуыныӊ тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Бағалау 4 критерий бойынша жүргізілді: нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі, іс-шараларды орындау толықтығы, бюджет қаражатын игеру деӊгейі, нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін жоспарлау.

"2 нысаналы индикатор мен 19 нәтижелі көрсеткішке кол жеткізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 115 іс-шара орындалды", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрлігініӊ мәліметіне сәйкес, бюджет қаражатын игеру деӊгейі 95,8%-ды құрады.

"Нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін жоспарлау сапасы бойынша Мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап индикаторлар мен көрсеткіштердіӊ мәндері, іс-шараларды орындау мерзімдері түзетілмегенін атап өтемін", - деді Тимур Сүлейменов.

Жобаны әзірлеу кезінде 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерініӊ талдау деректері, экстремизм мен терроризм қаупін тудыратын жағдайлар мен факторлардыӊ талдауы, халықаралық озық тәжірибе, мемлекеттік органдардыӊ, ҮЕҰ-дыӊ және қоғамдық бірлестіктердіӊ ұсыныстары ескерілді.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов те аталған мәселеге қатысты сөз сөйледі. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарыныӊ талаптарына сәйкес ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаныӊ іске асырылуыныӊ тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Бағалау 4 критерий бойынша жүргізілді: нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі, іс-шараларды орындау толықтығы, бюджет қаражатын игеру деӊгейі, нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін жоспарлау.

"2 нысаналы индикатор мен 19 нәтижелі көрсеткішке кол жеткізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 115 іс-шара орындалды", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрлігініӊ мәліметіне сәйкес, бюджет қаражатын игеру деӊгейі 95,8%-ды құрады.

"Нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін жоспарлау сапасы бойынша Мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап индикаторлар мен көрсеткіштердіӊ мәндері, іс-шараларды орындау мерзімдері түзетілмегенін атап өтемін", - деді Тимур Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны