29.10.2007, 17:36 3604

Үкіметте әлемдік және ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізу жүйесінің жобасы әзірленген - ҚР вице-премьері

Үкіметте әлемдік және ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізу жүйесінің жобасы әзірленген - ҚР вице-премьері

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте әлемдік және ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізу жүйесінің жобасы әзірленген. Бұл туралы бүгін селекторлық жиналыс барысында Қазақстан Республикасының вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың қыркүйек және қазан айларындағы жағдайлар біздің экономикамыздың әлемдік нарыққа айтарлықтай тәуелді екендігін көрсетті, сондықтан да президент осы жағдайда, әлемдік нарықтағы белгісіздік жағдайында біздің еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетін қойды, бұл шаралар ескертпелі әрі превентивті, уақытын тапқан болуға тиіс",- деп еске сала кетті Ө. Шүкеев.

"Бұл үшін әлемдік және нарықтағы жағдайларға жедел әрекет ету және мониторинг жүргізу жүйесін құру қажет, сол үшін үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық бақылау агенттігінің мамандары мониторинг жүргізу жүйесін әзірледі, ол үкімет үнемі мониторинг жүргізіп отыратын бес көрсеткіштер топтамасынан тұрады",- деп қосты ол.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, көрсеткіштердің бірінші топтамасы әлемдік қаржы және тауар нарығына мониторинг жүргізуден, екіншісі - ішкі қаржы нарығына, үшінші - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізуден, төртіші топтама экономиканың нақты секторының көрсеткіштеріне және ең соңғысы - мемлекеттік қаржыға мониторинг жүргізуден тұрады.

"Біз ай сайынғы режиммен, негізінен Ұлттық банкі мен Алматы аймақтық қаржы орталығы, халықаралық қор нарығындағы қаржы институттары мен отандық компаниялардың құнды қағаздарын нарыққа шығару котировкалары, сонымен қатар біздің астық, мұнай, түсті және қара металл сияқты негізгі экспорттық және импорттық тауарларымыздың бағаларын қадағалаймыз",- деп түсіндірді Ө. Шүкеев. Сонымен қатар, оның пайымдауынша, "рейтингтік агенттіктердің жұмыстары мен Қазақстанның елдік рейтингтерінің мониторингі мен позицияларын, Dow Jones, Nikkei, Nasdaq сияқты халықаралық биржалардағы іскерлік белсенділік көрсеткіштерін үнемі бақылауда ұстау қажет".

"Мысалы, Dow Jones көрсеткішінің динамика көрсеткішіні алатын болсақ, онда шілдеде үсіп бара жатқандығын, ал тамызда оның одан да төмендегендің көруге болады. Ал егер бұл жүйе болған жағдайда біздің қаржыгерлеріміз бізге осыған байланысты қандай превентивті шаралар қабылдауға тиісті екендігімізге сілтеме берер еді",- деп санайды вице-премьер.

Ол сондай-ақ, осындай мониторинг жүргізу жүйесінің көмегімен үкімет нан бағасына қатысты жағдайға дер кезінде әрекет ете алар еді, деген сенімде. "Астық бағасы күрт өсіп кетті, біз тұрақтандыру қорларын бұрын жасауға тиіс едік, ал біз баға өскеннен кейін құрып отырмыз",- деді премьердің орынбасары.

Ө. Шүкеев, үкімет валюта нарығындағы сауда көлемін, айырбас бағамының динамикасын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптік өндірістің тікелей көлем көрсеткіштерін, инвестицияның тікелей көлем көрсеткіштеріне, қызмет көрсету тауары мен бағаның өсу динамикасын үнемі бақылап отырады; үкімет екінші деңгейлі банктердің берген несие көлемдеріне, олардың тартқан депозиттерінің көлеміне мониторинг жүргізіп отырады. Сонымен қатар, "шекаралас кеден бекеттеріндегі ахуал, темір жол бойынша тауар тиеуге қатысты жедел көрсеткіштерге, облыс резервіндегі электр қуатының балансы мен мемлекетке, мемлектеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге ведомстволардан төленетін міндетті салық төлемдеріне мониторинг жүргізу" де үкіметтің назарында болады, деді Ө. Шүкеев.

"Мониторинг жүргізудің осындай жүйесі барлық орталық мекемелерге енгізіліп, кезең-кезеңмен тиісті форма толтыру белгіленеді, ол Экономика министрлігіне жолданып отыратын болады. Ал экономика және бюджеттік жоспарлау министрі ай сайын селекторлық жиында бұл материалдарды біз жедел режимде қолға алатын ұрымтал тұстарды көрсете отырып, премьерге дайындайтын болады",- деп атап көрсетті Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны