18.08.2006, 17:54 3166

Үкіметте Байқоңырды дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен Байқоңыр қаласын және осындағы ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігі "Байқоңыр" кешенінің ғарыштық инфрақұрылымын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған" салалық бағдарламасының жобасын әзірлегені атап өтілді.

Премьер-министр аталған бағдарлама аясында денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу нысандарының құрылысына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар қалада 1500 орындық мектеп пен 800 төсектік перзентхана құрылысы жүріп жатыр.

Толықтай алғанда, премьер-министр ғарыштық бағдарламаның жалпы іске асырылуына оң баға берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны