06.02.2018, 16:57 5842

Үкіметте денсаулық сақтау саласындағы корпоративтік басқару және менеджментті дамыту мәселелері қаралды

Бүгінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ саны 840-ты құрайды, оныӊ ішінде 750-і шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға көшірілуі керек. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын формасына көшірілген мемлекеттік ұйымдардыӊ саны 618 болды немесе 82% - ды құрайды

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен ҚР Үкіметініӊ отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқару және менеджментті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Министрлік іске асырып жатқан корпоративтік басқаруды және менеджментті дамыту бойынша жобасы денсаулық сақтау саласындағы заманауи менеджментті дамыту және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру негізінде тиімді басқару мен денсаулық сақтау субъектілері арасында бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Елжан Біртановтыӊ айтуы бойынша бүгінгі танда Қазақстанныӊ денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ көпшілігі корпоративтік басқару элементтерін енгізуге ықпал ететін байқау кеӊестері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы ұйымдарға, АҚ және ЖШС ауысқан.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы корпоративтік басқарудыӊ құрылымы шектеулі үәкілеттілігімен Байқау кеӊестері және кәсіпорынныӊ жеке-дара басшысынан құрылатынын атап өту қажет.

Cондай-ақ, Министрлік түпкілікті нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізудіӊ негізінде пилоттық медициналық ұйымдарда ішкі процестерді талдауға, қаржылық нәтижелерге, кадрлық саясаттыӊ тиімділігіне, медицина қызметтерініӊ сапасына және клиенттердіӊ қанағаттанушылығына қол жеткізуге негізделген олардыӊ қызметініӊ тиімділігіне рейтингтік бағалау жүргізді. "Корпоративтік басқару принциптерін енгізген медициналық ұйымдарында қызмет тиімділігі принциптерін енгізбеген ұйымдарға қарағанда жоғары" - деп атап өтті Министр.

Бүгінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ саны 840-ты құрайды, оныӊ ішінде 750-і шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға көшірілуі керек. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын формасына көшірілген мемлекеттік ұйымдардыӊ саны 618 болды немесе 82% - ды құрайды. Қалған 132 ұйымды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын формасына көшіру 2018 жылы жоспарланған.Осылайша, 2018 жылдыӊ соӊында шаруашылық жүргізу құқығына көшіруді 100% қамту қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге Министрлік көшбасшылық және кәсіби менеджментті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. "Медициналық ұйымдарды арнайы дайындықтан өткен басшылар басқаруы тиіс. Осындай мақсатпен "Денсаулық сақтау менеджменті" магистратурасыныӊ жаӊа мамандығы енгізілген, магистрларды дайындау үшін оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспары әзірленді жәнетәуелсіз сертификаттау енгізіледі", - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Соӊында Министр медициналық ұйымдарды корпоративтік басқару және менеджментті дамыту үшін Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымыныӊ жетекші принциптеріне сәйкес корпоративтік басқару принциптері мен тұжырымдамаларын заӊнамалық тұрғыда бекітуұсынылғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны