28.10.2007, 14:38 2886

Үкіметте экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия мен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өтті

Үкіметте экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия мен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өтті.

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың әкімшілік реформаның негізгі қағидаттары мен басымдықтарын анықтап беретін мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөнінде көзделген іс-шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Комиссия мүшелері мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметіне функционалдық талдау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қызмет мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, бүгін үкімет басшысы "30 корпоративті көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар барысы талқыланған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, комиссия аталған бағдарлама аясында мақұлданған жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын қарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны