13.11.2006, 09:16 3002

Үкіметте елімізде цемент өндірісін дамыту перспективасы мен проблемалары қаралды

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. Елімізде цемент өндірісін дамыту перспективасы мен проблемалары үкіметте Қазақстан Республикасының премьер-министрі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңестің тақырыбына айналды,деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Осы талқылау кезінде айтылғандай, қазіргі уақытта Қазақстандағы бес цемент зауытының жалпы өндірістік қуаты жылына 4,7 млн. тоннаға тең. Елімізде цементке деген сұранысты жабу үшін 2010 жылы 9 млн. тоннаға жуық деңгейдегі жиынтық қуаттылық қажет болады. Сонда ғана отандық кәсіпорындар цементке байланысты Қазақстанның ішкі талабының жартысын ғана жаба алады.

Осы ретте қазақстандық кәсіпорындар өнімінің өзіндік құны жоғары күйінде қалады. Атап өтілгендей, ішкі рынокты цементпен қамтамасыз ету жөніндегі проблемалар бірқатар себептерге байланысты туындап отыр. Олардың арасында - өндірістік қуат тапшылығы, жарақтандыру өндірісінің техникалық деңгейінің төмендігі, өндірісті орналастырудағы аумақтық сәйкессіздік, саланы дамыту үшін инвестицияның жетіспеушілігі бар.

Бүгінде құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасы аясында бірқатар жаңа цемент зауыттарының құрылысы мен осы күні барын қайта құрылымдау қарастырылуда. Кеңеске қатысушылар қуаты жылына 1 млн. тоннадан аздау құрылыс зауытның пайдалы еместігін атап өтті, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды қатаңдату керегіне тоқталды.

Үкімет басшысының пікірінше, Қазақстанда цементке деген талап жедел қарқынмен артып барады. Кеңес барысында үкімет басшысы негізгі назарды Каспий теңізінің қазақстандық сектордағы кәсіпорындарды сапалы цементпен қамтамасыз ету мәселесіне және еліміздің автожолдар саласына аударды. Атап айтқанда, Батыс Еуропа - Қытай көлік дәлізінің қазастандық жағын қайта құрымдау және жөндеу жүргізу жұмыстары 3 мыңнан астам шақырымды құрайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Даниал Ахметов мүдделі ведомстволарға 2 апта мерзімде елімізде цемент өнеркәсібін дамытудың жаңа идеологиялық тұжырыдамасын әзірлеп, Үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны