08.08.2006, 09:36 2628

Үкіметте еліміздің Қарулы Күштерін орта мерзімде қаржыландыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Еліміздің Қарулы Күштерін орта мерзімде қаржыландыру мәселесі кеше премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қарулы Күштердің инфрақұрылымын дамыту, әуе техникасы, қару-жарақтарын дамыту және ағымдағы жай-күйі, қазіргі заманғы байланыс түрлерімен жарақтандыру мәселелері қаралды. Бұдан басқа, әскери білім жүйесін жетілдіруге қатысты мәселе де талқыланды.

Кеңесте қуатты, жоғары технологиялық, кәсіби армия республикамыздың Қарулы Күштерін дамытудың негізгі басымдығы болып табылатыны аталып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны