16.04.2007, 17:48 3144

Үкіметте Қазақстан экономикасын жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today . Бүгін үкіметте республика премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ел экономикасын жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында К.Мәсімов атап өткендей, "біздің алдымызда Қазақстанның экономикасын нақты әртараптандырумен бірге, 2015 жылға қарай еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және әлемнің неғұрлым дамыған 50 елінің қатарына кірудің маңызды міндеті тұр".

Премьер-министр сондай-ақ "ҚР экономикасын жаңарту шаралары туралы президент жарлығын жүзеге асыру және іс-шаралар жоспарын дайындау жұмысы белсенді жүргізілуде. Айына бір рет осы отырыс мемлекет басшысының қатысуымен өтетін болады", деп атап өтті.

Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы сәуірдің 13-індегі жарлығымен құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны