26.10.2006, 10:47 2902

Үкіметте Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында Елбасының айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті

АСТАНА. 26 қазан . Kazakhstan Today. Кеше премьер-министр Даниал Ахметовтың басшылығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында Елбасының айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті , деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, кеңесте Елбасының заң негіздеріне өзгеріс енгізу, мемлекеттік тілді үйретудегі білім беру бағдарламасын жетілдіру, мемлекеттің тіл саясатын жетілдіру және басқада тапсырмаларын орындау жолдары талқыланды.

Кеңес қортындысы бойынша, премьер -министрдің басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Оған мәдениет және ақпарат министрі, білім және ғылым, әділет, экономика және бюджетті жоспарлау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау , сыртқы істер министрлері мен ҚР президенті ісі жөніндегі Агенттік төрағасы кірді. Олар нақты іс шаралады реттейтін болады.

Д. Ахметов мемлекеттік тілді білмейтін ел азаматтарына оны үйренуге қоолдау көрсетудің тиімді тетіктерін жасауды; осы іске ұлттық мәдени орталықтарын, қоғамдық ұйымдарды тартуды; қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдерін материалдық тұрғыда ынталандыруды; терминологиялық жұмыстарды жетілдіруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны