07.05.2007, 19:13 2791

Үкіметте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа мемлекеттік комиссияның мүшелері - "Қазына" ОДҚ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Мирчев, "Самұрық" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванс, сондай-ақ ұлттық холдингілер басшылары қатысты.

Отырыс барысында талқыланған негізгі мәселе - Қазақстанның басым серпінді 30 жобасын таңдаудың тәртібі мен өлшемін анықтау.

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің пікірлерінше, серпінді жобаларды таңдаудағы басты өлшем олардың экспортқа бағытталуы болуы тиіс.

Үкімет басшысы К. Мәсімов атып өткендей, "Еліміздің ірі кәсіпкерлері үшін басты ынталандыру болатындай серпінді жобалардың нақты өлшемдері керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны