12.12.2006, 13:25 2690

Үкіметте Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

Үкіметте Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Кеше үкіметте Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті. Онда осы салада 2006 жылы жүзеге асырылуы көзделген жоспарлар іс жүзінде орындалғаны атап өтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің басапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты жандандыру жалғаса береді. Осы айда уран концентратының алғашқы тоннасы алынған Оңтүстік Қазақстанда уран өндіру жөніндегі қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны іске қосылды. Бұдан басқа, уран өндірудің халықаралық орталығын құру туралы Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық келісіміне қол қоюға әзірлік жүруде.

Сондай-ақ, кеңес барысында екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы ақпарат ұсынылды. Ұлттық ядролық орталықтың сарапшыларының айтуынша, өзара қарым-қатынасты дамыту схемасы негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылмақ, олардың қатарында ғылыми-техникалық инфрақұрылымды жаңарту қарастырылған.

Ақпаратты тыңдағаннан кейін, премьер-министр атқарылған жұмысты толықтай алғанда мақұлдап, министрліктер мен ведомстволарға келесі қарауға атом энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми бағдарламаны қаржыландыру жөніндегі өз ұсыныстарын әзірлеу мәселесін тапсырды.

"Саланың дамуында жағымды қарқын байқалуда. Таңдап алынған қадамдар бізге келешекте саланы дамытуда халықаралық рынокқа шығуда теңдессіз нәтижелерге жетуге жол ашады. Бірақ әркез экологиялық қауіпсіздік мәселесін ескеру керек",- деп қорытты кеңесті үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны