22.05.2006, 09:10 3270

Үкіметте Қазақстанның Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жүйесіне қосылуы жөніндегі шарт жобасы одан әрі талқылануда

АСТАНА. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Үкіметте Қазақстанның Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жүйесіне қосылуы жөніндегі шарт жобасын талқылау жалғасуда.
20-мамырда жұмыс тобының мүшелері үкімет басшысының назарына шарт мәтінінің жаңа нұсқасын, өткендегі нұсқаға салыстырмалы талдауды ұсынды, деп хабарлайыд үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұсынылған нұсқада екі елдің үкіметтерінің көмек көрсету жағдайы жөніндегі қарым-қатынастар қарастырылған. Бұдан басқа, ұғым аппараттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Мәтінмен танысып шыққан премьер-министр тиісті министрліктерге әзірбайжандық сарапшыларды қатыстыра отырып, құжатқа қажетті қосымшалар әзірлеп, редакциялық түзетулер енгізуді тапсырды. Мәтіннің дайын нұсқасы келесі аптаның аяғына дейін келісілуі қажет, деп атап өтті Даниал Ахметов.

Премьер-министр тиісті министрліктерге Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жүйесіне қосылу жөніндегі шарт жобасы бойынша өз қорытындыларын жасауға тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны