13.09.2006, 11:14 2696

Үкіметте Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты АҚШ-тың қойып отырған талаптары қаралды

АСТАНА. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агентігінің тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, кеңеске қатысушылар АҚШ-тың импорт пен экспорттық тауарлар үшін Қазақстан Республикасының аумағында коммерцияға қатысы жоқ компанияларға сауда құқығын ұсыну мәселесі бойынша талаптарын қарады.

Американдықтар этил спирті мен шарап материалдарын импорттау кезіндегі лицензияны алып тастауды қалайтындарын білдірді, өйткені аталған норма, олардың пікірінше, әкімшілік тосқауыл болып табылады. Олардың тағы бір талабы - алкогольді импорттау кезіндегі лицензияның күшін жою, өйткені өнімдерді сақтау үшін қоймалық кеңселердің міндетті түрде болуы алдын-ала қарастырылуы керек.

Айтылған талаптарды мұқият қарай келе, премьер-пинистр алғашқы талаптың мәнін зер салып зерттеуді тапсырды. Ал, екінші мәселе бойынша үкімет басшысы алкогольді өнімдерді көтерме бағамен сату және сақтауға лицензияның күшін жою туралы американдық тараптармен келісімге келуге шешім қабылдады. Даниал Ахметов осы саладағы отандық және шетелдік компанияларды теңестіру үшін заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны