13.11.2006, 09:18 2645

Үкіметте "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ жұмысы бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. Үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ жұмысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

"Қазына" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов үкімет басшысына холдингі қызметінің моделін әзірлеу туралы мәлімдеді.

"Қазына" АҚ-ның басты міндеті - экономиканы диверсификациялауға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Бұл мақсаттар ұзақ мерзімді болып табылады және таза коммерциялық сипатта емес. Қор басшысы сондай-ақ "Қазына" жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті.

Премьер-министр қатысушыларға басты назарды инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қалыптастыруға аударуға шақырды. "Мемлекет жақсы дивиденттер алуы қажет", - деп мәлім етті үкімет басшысы.

Кеңесте бірқатар мемлекеттік компанияларды "Қазына" қорының басқаруына беру барысы қаралды. Бұл мәселеге түсінік бере келе, Даниал Ахетов, мемлекеттік холдинг негізгі бейіні сәйкес келмейтін кәсіпорынды өз құрамына алмауы тиіс, деп атап көрсетті. Үкімет басшысы компанияларды беру туралы мәселені бір апта ішінде пысықтауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны