17.01.2017, 19:49 5201

Үкіметте кинематографияны дамытудыӊ жаӊа тетіктері қарастырылды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық киноөндірушілерге қолдау көрсетудіӊ негізгі жолдары мен Кинематографияны дамыту тұжырымдамасыныӊ жобасы қаралды.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық киноөндірушілерге қолдау көрсетудіӊ негізгі жолдары мен Кинематографияны дамыту тұжырымдамасыныӊ жобасы қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстанда соӊғы жылдары ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да сұранысқа ие табысты фильмдер қатары толыққанын атап өтті.

Олардыӊ ішінде өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокатта көшбасшы болған "28 панфиловшы" фильмі, премьералық көрсетілімі Ресей, Қытай, Франция, Гонконг, Грекия елдерінде өткен "Көшбасшы жолы" киноэпопеясыныӊ бесінші бөлімі - "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі, Ақан Сатаевтыӊ "Анаға жол" картинасы және т.б. бар.

Соӊғы үш жылда ауқымды әлемдік прокатқа "Қазақфильмніӊ" 75 картинасы ұсынылды. Олардыӊ барлығы қазақстандық кинематографтыӊ мүмкіндіктерін барынша көрсете алды.

Кино саласын одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылға арналған Заӊ жобалары жұмыстарыныӊ жоспарына "Кинематография туралы" Заӊ жобасын әзірлеу енген. Ол аталған саладағы қызметтіӊ құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттік қолдау тетіктерін бекітіп, сонымен қатар фильм шығару үдерісіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды ретке келтіру қағидаларын анықтауы тиіс. Биыл наурыз айында бұл құжат Үкімет қарауына енгізіледі, ал мамыр айында ол Парламентте қарастырылады.

Сонымен қатар, 2016 жылдыӊ ақпан айында Үкімет Кинематографияны дамыту тұжырымдамасыныӊ жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Жыл ішінде құжат жобасы әзірленіп, көпшілік талқылауына салынды.

Үздік әлемдік тәжірибені ескерумен саланы дамытудыӊ негізгі тәсілдері айқындалды. Оныӊ ішінде кинематографиялық ұйымдардыӊ арасындағы функцияларды жіктеу, инфрақұрылымдық өзгерістер, киноөнімді дамыту және прокаттыӊ әлемдік нарығына шығу үшін жағдайлар жасау бар.

Мұндай тәжірибе АҚШ, Франции, Германии, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және басқа да көптеген елдерде бар. Бұл елдерде заӊнамалық деӊгейде айтарлықтай салық жеӊілдіктері, кинокартиналарды жарыққа шығару үшін преференциялар белгіленген, киноны қолдаудыӊ арнайы қорлары мен орталықтары жұмыс істейді.

Жалпы, саланы дамытудыӊ барлық негізгі бағыттары әзірленген Тұжырымдамада қарастырылған. Ол қабылданғаннан кейін саланы одан әрі мемлекеттік қолдауға, киноматериалдарды шығару, сақтау, цифрлау, қазіргі инфрақұрылымды өзгертуге және т.б. қатысты бірқатар келелі мәселелер шешілетін болады.

Бақытжан Сағынтаев қазақстандық киноиндустрияны дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында сапалы қазақстандық киноны түсіру және шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар салу қажеттігін айтты.

Бүгін Үкімет отырысы аясында "Кинематография туралы" Заӊ, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияныӊ одан әрі дамуыныӊ негізгі бағыттары көрсетілген.

Сонымен қатар отырыс барысында болашақ қазақстандық кинематография туралы осы саладағы белгілі өнер иелері өз пікірлерімен бөлісті. Олардыӊ арасында Халық әртісі Асанәлі Ишімов, кинорежиссер Ақан Сатаев, "Меломан" компаниясыныӊ бас директоры Вадим Голенко, режиссер Рүстем Ибдірашев, "Арман" кинотеатрлар желісініӊ директоры Бауыржан Шүкенов, Қазақстан кинематографистерініӊ төрағасы Ақан Ибраев, режиссер және продюсер Рашид Нұғыманов бар.

Сөз сөйлегендерді тыӊдаған соӊ Премьер-Министр кинотеатрларға көрермендерді көптеп тарту үшін жоғары сапалы фильмдер түсіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар сананыӊ жеткіліксіздігіне назар аударды. Осыған байланысты Б.Сағынтаев әсіресе, моно- және шағын қалаларда осы салаға бизнесті тарту тетіктерін ойластыруды тапсырды.

Премьер-Министр өзініӊ орынбасары И. Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заӊ жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

"Кинематография туралы" Заӊ отандық киноиндустрияныӊ барлық қатысушыларына пайдалы болмақ

"Кинематография туралы" Заӊныӊ тездетіп қабылдануы отандық киноиндустрияныӊ барлық қатысушыларына пайдалы болады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысыныӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы хабарлады.

Бүгін ҚР Үкіметі отырысы аясында "Кинематография туралы" Заӊ жобасы, сонымен қатар, Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды. Онда отандық киноиндустрияны әрі қарай дамытудыӊ негізгі бағыттары көрсетілген.

Сондай-ақ, Заӊ киноиндустриядағы қызметтіӊ құқықтық негіздерін айқындап, мемлекеттік қолдау тетіктерін бекітуі тиіс, сонымен қатар фильм шығару үдерісіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды ретке келтіру қағидаларын анықтауы қажет.

"Бірінші кезекте, заӊға біздіӊ прокатшылар мен өнімді өткізумен тікелей айналысатындар мүдделі. Олар ішкі көріністі анық көрген соӊ, жақсы заӊды жылдамырақ қабылдағанын қалайды. Заӊда біз киноөндіріс қатысушыларыныӊ өкілеттігін жазып көрсетеміз, сондай-ақ, заӊда интернет кеӊістігінде айтарлықтай үлкен залал келтіретін пираттық мәселесі туралы да қарастырылады. Біз бұны ескеруге міндеттіміз", - деді А. Мұхамедиұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны