05.02.2007, 11:31 3056

Үкіметте "Орта мерзімді кезеңге арналған үкімет бағдарламасы туралы баяндама" жобасы мақұлданды

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен кеңесте "Орта мерзімді кезеңге арналған үкімет бағдарламасы туралы баяндама" жобасы талқыланды.

2007-2009-шы жылдарға арналған үкімет бағдарламасының негізгі басымдықтары мен бағыттары Елбасының биылғы жылғы 10-қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында алға қойған міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын іске асыруды көздейді.

Құжатты әзірлеуге барлық мемлекеттік органдар атсалысты.

Баяндама жобасы жаңа құрамдағы үкіметтің үш жыл мерзімге арналған іс-әрекетінің барлық қырларын қамтиды.

Кеңесте "Орта мерзімді кезеңге арналған үкімет бағдарламасы туралы баяндама" жобасы мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны