06.06.2006, 19:13 3162

Үкіметте отандық су энергетикасын одан әрі дамыту мәселесі жөнінде кеңес өтті

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today . Бүгін премьер-министр Даниал Ахметов отандық су энергетикасын одан әрі дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «біздің еліміз жаңа су энергетикалық жобаларды іске асыруға қажетті үлкен әлеуетке ие», деп атап өтті.

Кеңес барысында Кербұлақ және Бұлақ су электр станциясының ағымдағы жұмысы қаралып, Мойнақ су электр станциясы құрылысының барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Атап айтқанда, сарапшылардың пікірінше, қуаттылығы 78 МВТ болатын Ертіс өзеніндегі Бұлақ су электр станциясын пайдалануға беруде Шульба су электр станциясы қарсы реттеуші болып табылады, сөйтіп ол энергия өндірісін 400 МВТ-қа дейін жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі уақытта Мойнақ су электр станциясының құрылысы жөнінде Қытай Даму банкімен кредиттік келісім әзірленіп, қол қойылуға дайын тұр.

Премьер-министр толықтай алғанда, елімізде су энергетикалық инфрақұрылымы қарқынды дамуына назар аударды. Сонымен бірге, оның айтуынша, жаңа станция құрылысы тыңғылықты көзқарасты талап етеді. Осыған байланысты, Даниал Ахметов энергетика және минеральды ресурстар министрлігіне әкімшілікпен бірлесіп, су электр станциясының құрылысы жөнінде республикалық бағдарлама әзірлеуге тапсырма берді. Бұдан басқа, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бағдарламаны іске асыруды қаржыландырудың нақты құралдарын айқындау тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны