04.01.2008, 18:52 3043

Үкіметте өткен кеңесте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептер тыңдалды

Үкіметте өткен кеңесте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептер тыңдалды

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ИКК) мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңес барысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басшыларының өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептері тыңдалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ИКК өңірлердің экономикасын дамытуға көмектесу, жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды жеке меншік инвесторлар мен мемлекеттің қаржылай қолдауымен іске асыру мақсатында құрылған болатын. ИКК жаңа жобаларды іске асырудан басқа, қолданыстағы шығыны басым өндірісті жандандырумен, түскен кірістерді өңірлердегі әлеуметтік, экономикалық және мәдени жобаларға қайта инвестициялаумен айналысатын болады.

2007 жылы елімізде жеті ИКК құрылды. Алты корпорация бойынша ұйымдыстыру кезеңі толық аяқталды. Қазіргі кезде ИКК басшылары қолда бар мемлекеттік активтерді түгендеуді жалғастыруда және инвестициялық жобаларды қарауға кіріскен.

Кеңеске қатысушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмысы тиімділігінің өлшемдерінің тізбесін айқындауды ұсынды.

Кеңес жұмысын қорыта келе, премьер-министр барлық сын-ескертпені ескеріп, оны қайтадан пысықтап, ұсыныстарды келесі айда ИКК мәселелері бойынша өтетін үкімет мәжілісіне енгізу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны