01.08.2006, 09:15 3494

Үкіметте өткен жиында ҚР 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылу барысы талқыланды

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Үкіметте премьер- министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустрия және сауда министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, экономиканың барлық салаларында жүйелі реформалар жүргізу үшін іргелі негіз қалыптастыру - Стратегияны жүзеге асырудағы дайындықтың басты қорытындысы болды. Заңнамалық база дайындалып, 20-дан астам заң қабылданды, зерттеулер жүргізіліп, инновациялық жүйелер қалыптастырылды, салалық және салааралық бағыттағы 9 бағдарлама, 16 салалық және ғылыми-тәжірибелік, 5 мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, бекітілді.

Даму институттары 109 жоба бойынша қаржыландыруды бастады. Олардың инвестициялық жобалар қоржынында қаржыландыруға жіберілген, жалпы сомасы 3,6 миллиард АҚШ долларын құрайтын 136 жоба бар. Даму институттарының жалпы жарғылық капиталы 144,2 миллиард теңгеге тең.

Сарапшылардың айтуынша, 2006 жыл - Стратегияны жүзеге асырудың 2-ші кезеңінің бастапқы сатысы болып табылады, бұл кезеңде экономика құрылымдарын жаңарту мәселесі шешілуі керек, еңбек өнімділігі біршама ұлғайып, ішкі жалпы өнімнің энергиялық сыйымдылығы азайуы тиіс және инновациялық жүйелер дамытылуы қажет.

Инновациялық технологиялар паркін құру мәселесіне тоқталсақ, бүгінде паркті басқару компаниясының қарауында 53 жоба бар. Сарапшылар кеңесі 11 жобаны мақұлдады. Сондай-ақ , Ядролық технологиялар паркін құру жұмыстары да белсенді атқарылуда. Бүгінгі таңда, жобаның жарғылық капиталы 1373 миллион теңгені құрайды, шілде айының соңында 399,1 миллион теңге игерілді.

Жалпы, үкімет басшысы атқарылған шараларды оң бағалап, жұмысты осы қарқынмен белсенді түрде жалғастыра беруді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны