03.10.2007, 15:36 3297

Үкіметте теміржол саласында бюджеттік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылуда

Үкіметте теміржол саласында бюджеттік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылуда

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте теміржол саласында бюджеттік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылуда. Тиісті жарлықты сейсенбі күні үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов берді.

"Мен бүгін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жетекшілігімен теміржол саласында бюджеттік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қоямын", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьердің айтуынша, бұл жұмыс тобы бұрын жасалған бағдарламаларды (құрылымын қайта жасақтау - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) сараптамадан өткізуі және "1 желтоқсанға дейін теміржолдың жолаушылар тасымалын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуі" қажет. "Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде теміржол саласын дамыту мәселесі бойынша үкімет отырысын өткіз керек. Сол кезде біз нақты шешім шығарамыз", - деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Одан бұрын, үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов 2007-2011 жылдарға арналған теміржол саласын дамытудың кешенді салалар жоспарының жобасын ұсынған болатын. "Жоспар премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жасалған. Оның басты ерекшелігі саланы дамытуда мемлекет, ұлттық компания ("Қазақстан темір жолы" АҚ - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) мен жеке сектор арасында жауапкершілік шекарасының нақты белгіленуі", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі.

Оның айтуынша, "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның жауапкершілігіне "тасымалдау үрдісінің барлық қатысушыларының өзара ықпалдастығын қамтамасыз етуге жауапты бірыңғай технологиялық кешеннің функцияларын іске асыруды қарастыру" енгізілген. "Бұл ұлттық тасымалдаушының статусын және Қазақстанның теміржол әкімшілігінің функцияларын сақтауды болжайды", - деді Серік Ахметов.

"Мемлекет жауапкершілігі аясында саланың жаңа инфрақұрылым объектілерін салу мәселелері, салының ағымдағы шығындарын жабуға және инвестициялық құрамдас бөлікті толығымен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс тариф саясатының мәселелері қамтылған", - деп түсіндірді Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. Оның айтуынша, бұл үшін әлеуметтік маңызды жүктер мен жоғары тариф енгізілетін жүктердің тізімі үкімет қарауына жіберіледі.

"Мемлекет жауапкершілігінің келесі бір маңызды аспектісі - бұл жолаушылар тасымалы. Оны мемлекеттің әлеуметтік жобасы деп атауға болады және жоспарда жолаушылар тасымалын "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның құрамынан шығарып тастау, біртіндеп жолаушылар тасымалын толығымен бюджеттен субсидияландыруға көшу қарастырылған", - деді Серік Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны